Live

Джеки Чанды Маңғыстауда қымызбен қарсы алды, әкім де келді

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан «Armour of God: Ultimatum» фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына келді.

Фото: ашық дереккөз

Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. Актерді өңірге келген сәтте облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Кездесу барысында Джеки Чан Маңғыстаудың ерекше табиғаты мен көркем ландшафттары халықаралық деңгейдегі фильмдер түсіруге өте қолайлы екенін атап өтті. Сондай-ақ қонаққа қазақтың ұлттық сусыны – қымыз ұсынылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Джеки Чан