Әлеумет

«Екі інімді полиция ұстап алып кетті»

Қытайлық «CITIC Construction» компаниясындажұмысшылар арасында төбелеске қатысты ұсталған азаматтардың туған-туыстарыполиция ешқандай түсініктеме бермепті.

Jasalash.kz

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»сайты хабарлайды.

«Кеше інілерім Бейбіт пенНұрболды полиция ұстап алып кетіпті. Мен ол кезде Сарқанта жұмыста едім.Кешеден бері қамауда отыр. Полиция не үшін қамағандарын, қандай айып тағыпотырғандарын хабарламады. Талдықорған – Өскемен тас жолын салып жатқан шетелдіккомпанияда жергілікті жұмысшы қытай азаматтарымен сөзге келіп қалып, төбелесболған. Бірнеше адам жабылыпты. Бұның алдында аспазшы әйелге өзге елден келгенжұмысшылар бейәдеп қылық көрсеткен. Содан жігіттер жиналып барған. Сол жердетөбелес болған. Бұл менің естіп білгенім. Менің інілерім ол компанияда жұмысжасамайды. Бірақ болған жайлы естігенде намыстанып барған ғой. Қазір ауылдатұрғыннан полиция көп. Талдықорғанға полицияға ағайындар кеткен. Бір хабарынкүтіп отырмыз », — дейді Қызылағаш ауылының тұрғыны Ербол МҰХАМЕТАЛИН.

Қызылағаш ауылынаның тұрғындарының айтуынша, Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Азамат ҮЙСІНБАЕВ,Бейбіт және Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН, ағайынды Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАР ұсталыпты.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега