спорт

Ел тарихында тұңғыш рет! Грек-рим күресінен қазақ балуаны чемпион атанды

Грек-рим күресінен қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Сұлтан Әсетұлы Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті

Турнир Тирана қаласында (Албания) өтті, деп жазады Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті.

67 келіге дейінгі салмақта финалда Әсетұлы түрік Мұстафа Йылдырымды жеңді. Жекпе-жек 2:1 есебімен Сұлтан Әсетұлының пайдасына шешілді.

Әсетұлы грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық атанды.

Жангүл Есениязова