спорт

Елдос Сметов Азиаданың финалына өтті

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті.

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтың ½ финалында Қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.

Белдесуде отандасымыз "вазари" ұпайымен жеңіске жетті.

Елдос Сметовтың финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.

Сайт Әкімшілігі