спорт

Елдос Сметов Париж Олимпиадасына барады

ҚР Туризм және спорт министрлігі дзюдодан 60 келі салмақта Париж Олимпиадасына Елдос Сметов баратынын мәлімдеді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан 60 келі салмақта Олимпиадаға баратын спортшыларды анықтау мақсатында Алматы қаласында Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев айналмалы жүйе бойынша белдесті, делінген хабарламада. 

Нәтижесінде, Сметов Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевты жеңіп, Олимпиадаға жолдама алған.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Рио және Токио Олимпиадасының 2 жүлдесін жеңіп алған болатын.

Nurbike Beksultan
Тегтер: Елдос Сметов