спорт

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Фото: Twitter.com/wta/

Үшінші кезеңде әлемнің екінші ракеткасы Рыбакина Украина өкілі Марта Костюкті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Рыбакина матч барысында өз геймін сенімді ұстап, маңызды брейк-пойнттарды тиімді пайдаланды.

Енді қазақстандық теннисші ширек финал жолдамасы үшін аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінен кейін әлемнің екінші ракеткасы атанған.

Сайт Әкімшілігі