спорт

Елена Рыбакина US Open-дегі жеңісінен кейін қанша сыйақы алды?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін рекордтық 5,5 млн долларкөлемінде жүлде алды. Бұл шамамен 2,48 млрд теңгеге тең. Алайда аталған сома салық ұсталмай тұрып есептелген.

Фото: ашық дереккөз

Бұл – кәсіби теннис тарихында бір турнир чемпионына берілген ең ірі жүлде.

Биылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 108 млн доллар болды. Бұл өткен жылғы 90 млн доллармен салыстырғанда 20 пайызға көп. Ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған спортшылардың әрқайсысына 5,5 млн доллардан табысталды.

Турнир финалында Рыбакинадан жеңілген Беларусь өкілі Арина Соболенко 2,8 млн доллар жүлде алды. Бұл чемпионның табысынан шамамен екі есе аз.

Бұған дейін Рыбакинаның мансабындағы ең ірі жүлде WTA қорытынды турниріндегі жеңісі үшін берілген. 2025 жылы қазақстандық теннисші жарыстағы бес кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, 5,235 млн долларалған. Ол кезде бұл әйелдер теннисіндегі рекордтық жүлде болатын.

Сайт Әкімшілігі