Елімізде фаст-фуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі фастфуд жарнамасын шектеуге қатысты заң жобасын дайындап жатыр.
Әзірге нақты қандай тыйымдар енгізілетіні белгісіз. Бірақ жаңа талаптар әлеуметтік желідегі, теледидар мен радиодағы жарнамаға, сондай-ақ билбордтар мен маңдайшаларға қатысты болуы мүмкін.
Министрлік балалар арасындағы артық салмақ мәселесін де атап өтті. Олардың мәліметінше, 6-9 жастағы балалардың 23%-ында артық салмақ бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын ішеді. Қазір заң жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды фастфуд пен тәттілердің жарнамасынан қорғауды тапсырған еді.