Қоғам

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініштер қабылдау басталады

2024 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылданады. Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.

Фото: ашық дереккөз

Өтінімде Астана қаласы әкімдігінің қызмет көрсету порталында онлайн беруге болады. Бұл ретте астаналық 75 жасты баспаналы ету көзделіп отыр.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

Несие сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;

Бастапқы жарна – 10 пайыз;

Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;

Несие ұзақтығы – 19 жыл.

Бағдарламаға техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда келесі сала қызметкерлері қатыса алады:

мұғалімдер;

дәрігерлер;

ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;

журналистер;

мәдениет саласының қызметкерлері;

спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;

әлеуметтік қызметкерлер;

коммуналдық сала қызметкерлері;

полиция департаменті қызметкерлері;

төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері;

тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар.

Nazym Sapar
Тегтер: отбасы банк