Live

Енді олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін беріледі

Білім саласында жаңа өзгеріс енгізіліп, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткен оқушыларға төленетін сыйақы мөлшері жаңартылды.

Фото: ашық дереккөз

Енді оқушыларға берілетін төлемдер:
1 орын – 1500 АЕК (шамамен 6,5 млн теңге);
2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,3 млн теңге);
3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,1 млн теңге).

Сонымен қатар жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдер де қаржылай марапатталады. Сыйақы мөлшері олардың базалық лауазымдық айлығына байланысты есептеледі:
«алтын» үшін – 26,5 есе;
«күміс» үшін – 17,5 есе;
«қола» үшін – 8,5 есе.

Айта кетейік, төлемдер бір реттік негізде беріледі және тек ағымдағы жылғы нәтижелерге қатысты. Бағдарлама Қазақстан азаматтарына арналған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Олимпиада