Live

Ер адамға оқ атқан Хромтау ауданының учаскелік полицейі ұсталды

Ақтөбе облысында Хромтау ауданының учаскелік полицейі қолға түсті. Алдын ала мәліметке сәйкес, 28 наурыз күні демалыс орындарының бірінде ол ер адамға оқ атқан.

Фото: ашық дереккөз

 Жарақат алған азамат аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Ал күдікті полицей уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бейресми деректерге қарағанда, жараланған адам мен күдікті бір-біріне туыс болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адамның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Аталған дерек бойынша Ақтөбе облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: хромтау