спорт

Еркін Тапалов "Қайрат" футбол клубынан кетті

33 жастағы жартылай қорғаушы Еркін Тапалов Алматының "Қайрат" клубынан кетті. Команда өкілдерінің хабарлауынша, футболшымен жасалған келісімшарт мерзімі аяқталған.

Фото: ашық дереккөз

Тапалов "Қайрат" сапына 2025 жылдың басында қосылған. Клуб құрамында өткізген екі маусымда ол Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар футболшы "Қайратқа" клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасы мен Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті.

Еркін Тапалов кәсіби мансабын 2011 жылы "Ақжайық" командасында бастаған. Кейін "Жетісу", "Каспий", "Қызылжар" және "Тобыл" клубтарында өнер көрсетті.

Әзірге футболшының мансабын қай командада жалғастыратыны белгісіз.

Сайт Әкімшілігі