Ермұрат Бапи: Партиядан билік кетірді
Менің партия басшылығынан кетуім биліктің араласуыменболды. Елдегі жалғыз оппозициялық партия шаруасы бітті.
Бұл туралы «ЖасАЛАШ»тілшісіне «Ақиқат» ЖСДП партиясының экс-төрағасы Ермұрат БАПИмәлімдеді.
«Менің партиябасшылығынан кетуім биліктің араласуымен болды. «Ақиқат» ЖСДП-ны азаматтық қоғамға алып келе жатқам. «Оян,Қазақ» және бақылаушылармен жұмыс істелініп жатыр еді. Бақылаушылар армиясымен партиянықоспақ едім. Партияның ішкі жұмысына билік араласты. Менің ырың-жырыңмен жүруге ар-ұятым жібермейді. Бармақсатым осы партияны сақтау, азаматтық қоғаммен бірлесіп протестік қозғалыс орнату еді. Парламентіксайлауға дайындық жүргізіп жаттық. Төрағалыққа таласқым келмейді. Оларбілгендерін істесін. Бір нәрсеге өкінем. Елдегі жалғыз оппозициялық партиянықұртты. Ешкім енді бұларға сенбейді. Бәлкім билік алдағы парламентік сайлауда партияға10-15 пайыз беретін шығар. Мен билікпен ымыраға баратын болсам Ұлттық кеңескекірер едім», — деді Ермұрат Бапи «ЖасАЛАШ»тілшісіне.
Бүгін Алматыда «Ақиқат» ЖСДП партиясының 15-съезіөткен еді. Ол жерде төрағаға сенімсіздік мәселесі талқыланды. Партия мүшелеріЕрмұрат Бапи мен бір топ белсенділердің 2019 жылдың 20-12 мамыр күндеріқуғындағы оппозициялық саясаткер, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі ӘкежанҚАЖЫГЕДИН және Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВПЕН кездескенін сынғаалды.
Ермұрат Бапи тоқсаныншы жылдардың соңынан бері елдегісаяси-қоғамдық өмірге белсене араласып келе жатқан қоғам қайраткері. «DAT» жобаларының авторы. Партияны12 жыл басқарған саясаткер Жармахан ТҰЯҚБАЙ 2019жылдың сәуір айында қызметінен кеткесін төраға болып сайланған еді. Саясиұйымның жаңа басшысы – Асхат РАҚЫМЖАНОВ болды.
Фото: holanews.kz