Баған

Ермұрат Бапи президенттік сайлауға түсуі мүмкін

«DAT» жобасының жетекшісі, белгілі журналсит Ермұрат БАПИ президенттік сайлауға түсуі мүмкін.

Jasalash.kz

Бұл туралы «Жас Алаш» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«ЖСДП Саяси кеңесі партияның XIV-съезін 2019-шы жылдың 26-сәуірінде өткізуді қаулы етіп, 9-маусымда болатын президенттік сайлауға Ермұрат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынады», делінген саяси ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Партия төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙ «Жас Алашқа» берген сұхбатында ЖСДП-ның президенттік сайлауға кандидат ұсыну жағы алдағы жиында белгілі болатынын айтқан еді.

«Үміткер өз ішімізден шығуы да мүмкін. Партияда лайық тұлғалар жеткілікті. Сонымен қатар, сайлауға қатысамыз ба, қатыспаймыз ба деген мәселені де талқылап шешуіміз керек», — деген партия төрағасы.

Ермұрат Бапи — 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әр жылдары түрлі басылымдарда еңбек еткен. «DAT» жобасының жетекшісі, 1999 жылы тәуелсіз «Солдат» газетінің Бас редакторы болған. «Азаттық» сыйлығынын иегері. 2016 жылы ЖСДП-ның атынан мәжіліс сайлауына түскен. Саяси ұйымның президиум мүшесі.

Фото: Азаттық радиосы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега