спорт

«Ешкім ешкімді ұрған жоқ»: Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында төбелес болмаған

Бұл туралы Серік Сәпиевпен сөйлескен Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі Айдар Махметов мәлімдеді.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Оның айтуынша, жанжал қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартуға байланысты туындаған.

«Қандай да бір физикалық қақтығыс болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ», - деп жазды ол.

Директор мен оның орынбасары өзара түсіністікке келген, жанжал толықтай шешілген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Серік Сәпиев