Live

«Ешкім қамаған жоқ»: Вьетнамда ұсталды делінген блогер ел алдына шықты

Вьетнамда ұсталды деген ақпарат тараған қазақстандық блогер Қайсар Қамза өзінің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Instagram

Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеода Нячанг қаласында жүргенін айтып, жақын арада Қазақстанға оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Блогердің сөзінше, қазір экстрадиция мәселесіне байланысты сот процесі өтіп жатыр.

«Жақында Қазақстанға барып қаламын. Вьетнамда, Нячангта жүрмін. Экстрадицияға қатысты сот болып жатыр, соны күтіп жатырмын», – деді ол.

Сонымен қатар, Қайсар Қамза өзіне қатысты қамау шарасы қолданылмағанын атап өтті. Оның айтуынша, тек иммиграциялық полиция уақытша төлқұжатын алып қойған.

Блогер жақындарын алаңдамауға шақырып, жағдайдың реттелетініне сенім білдірді.

«Бәрі жақсы болады деп сенемін. Дұғада болыңыздар. Жақсы күндерде кездесеміз», – деді ол.

Сайт Әкімшілігі