Live

Финляндия Ресеймен шекарасына 200 шақырымдық қоршау орнатты

Финляндия Ресеймен шекарасының жекелеген учаскелеріне жалпы ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын шекаралық қоршау тұрғызды.

Фото: ашық дереккөз

 Жобаға төрт жылға жуық уақыт жұмсалып, оның құны 356 миллион еуроны құраған. Бұл туралы Yle хабарлады.

Қоршау шекараның қауіпсіздік тұрғысынан маңызды деп танылған учаскелеріне орнатылған. Ол заңсыз шекара кесіп өтудің алдын алу және шекара маңындағы бақылауды күшейту мақсатында салынған.

Жаңа нысан қарапайым қоршаумен шектелмейді. Оның құрамына бақылау жүйелері мен басқа да шекаралық инфрақұрылым кіреді. Сондықтан оны күтіп ұстауға жыл сайын шамамен 1,5 миллион еуро қажет болады.

Финляндия Ресеймен арадағы шекарасын күшейту жұмыстарын Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан кейін және қауіпсіздік жағдайының өзгеруіне байланысты жеделдеткен.

Сайт Әкімшілігі