Франция мен Испаниядағы алапат өрттен 200 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Франция мен Испанияда кең ауқымды орман өрттері өршіп, екі елден 200 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Францияның оңтүстік-батысындағы Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Кап-Ферре түбегінің тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Биліктің мәліметінше, бақылауға көнбей тұрған орман өрті 19 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
Ал Испанияда Мадрид маңындағы екі ірі өрт ошағы бірігіп, жағдайдың күрт нашарлауына байланысты ел тарихында алғаш рет орман өрттеріне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.
Мадрид автономиялық қауымдастығының басшысы Исабель Диас Аюсо бұл апатты өңір тарихындағы ең ірі орман өрті деп бағалап, оған аптап ыстық пен қатты желдің қатар келуі себеп болғанын айтты.
Өрттің ауқымына байланысты Франция мен Испания Еуропалық одақтан көмек сұрады.
Франция президенті Эммануэль Макрон елде мамыр айынан бері жалғасып келе жатқан бірнеше аптап ыстық толқынынан кейін орман өрттері күшейгенін айтып, Еуроодақтың азаматтық қорғаныс тетігі іске қосылғанын мәлімдеді.