Live

Газада медициналық эвакуацияны күткен палестиналықтар күн сайын қаза болып жатыр

Газа секторында шетелде шұғыл ем алуы тиіс науқастар арасында өлім-жітім күрт артқан. Израиль енгізген шектеулер мен негізгі шекара өткелдерінің жабылуы салдарынан мыңдаған адам өмірлік маңызды көмекке қол жеткізе алмай, анклавта қамалып отыр.

Фото: Reuters

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эвакуация кезегінде 12 мыңнан астам жаралы және 14 мыңға жуық созылмалы ауруы бар науқас тұр. Олардың қатарында онкологиялық сырқаттар мен балалар да бар.

«Рафах» өткелі жабылғалы бері Газа секторынан санаулы ғана адам шыға алған. Ал жүздеген науқас елден шығуға рұқсат ала алмай, көз жұмған. Құқық қорғаушылар бұл жағдайды гуманитарлық апат деп бағалап отыр.

Сайт Әкімшілігі