спорт

Гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Фото: ҰОК

Бүгін, 16 тамызда спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетті.Ұршықтармен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 29.400 ұпай жинады. Нәтижесінде Ерекешева бесінші орынға ие болды.Ал таспамен орындалатын жаттығуда төрешілердің шешімімен 27.350 ұпай иеленді. Осылайша Ақмарал сегізінші орын алды.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін ол жекелей көпсайыста алтыншы орын алған еді.

Сайт Әкімшілігі