Грек-рим күресінен Дияр Аманәлі мен Әли Алмас әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына шықты.
48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.
55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы – Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.
Айта кетейік, финалдық белдесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.