Қоғам

Халықаралық байқаушылар «Әділет» партиясы штабының жұмысымен танысты

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының халықаралық байқаушылары «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабына келіп, жұмыс барысымен танысты.

Фото: adilet-partiyasy.kz

Құрылтай депутаттығына кандидаттар Рауан Кенжеханұлы мен Гүлзира Атабаева ЕҚЫҰ өкілдеріне республикалық және өңірлік штабтардың қызметі, сайлауалды науқанда атқарылып жатқан жұмыстар, кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері туралы айтып берді. Оған қоса, Республикалық сайлауалды штабта орналасқан орталықтармен таныстырып, үгіт-насихат жұмысы жайлы баяндады.

Кездесуде сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сайлау заңнамасын сақтау, кандидаттар үшін тең жағдай жасау мәселелері қозғалды.

Жүздесу соңында тараптар халықаралық байқаушылардың жұмысын талқыланды.

Сайт Әкімшілігі