Қоғам

Хантавирус жұқтырудың алғашқы дерегі Израильде тіркелді

Хантавирус Израильге Шығыс Еуропадан келген науқастан анықталды.

Фото: из открытых источников

Алдын ала мәлімет бойынша, пациент вирусты бірнеше ай бұрын Шығыс Еуропада жүрген кезінде жұқтырған. Ауру белгілері байқалған соң ғана дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Сонымен қатар Атлант мұхитында круиздік сапарда болған үш туристің сирек кездесетін хантавирустан қайтыс болғаны хабарланды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін ДДҰ MV Hondius лайнерінің бірнеше жолаушысынан хантавирус анықталғанын мәлімдеген болатын.

Әзірге науқастың жеке деректері, тұрғылықты мекенжайы және диагноз қойылған медициналық мекеменің атауы жарияланған жоқ.

Дәрігерлер жүргізген антидене сынамасы пациенттің хантавируспен байланыста болғанын көрсетсе, ПТР-зерттеу инфекцияның барын нақты растаған.

Мамандардың мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты. Ол жансақтау бөліміне мұқтаж емес және қатаң оқшаулауға жатқызылмаған. Қазір пациент дәрігерлердің бақылауында.

Сайт Әкімшілігі