Live

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айрылуы мүмкін

Қазақстанда оқушыларға діни киім киюге рұқсат берген жекеменшік мектептерге қатаң шара қолданылуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Фото: из открытых источников

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы барлық орта білім беру ұйымдары мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптарды сақтауы тиіс. Қолданыстағы ережеге сәйкес мектеп формасына діни конфессияларға тән киім элементтерін қосуға болмайды.

Сүлейменованың сөзінше, өткен оқу жылында мұндай жағдайлар, оның ішінде жекеменшік мектептерде де болған. Бұл мәселеге Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдіктер және жергілікті атқарушы органдар да тартылған.

Ал биылғы оқу жылының басында мұндай заңбұзушылық тіркелмеген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Хиджаб