Live

Хоккей жаттықтырушысы 14 жастағы оқушы қызды екі жыл бойы зорлаған

Кейін басқа ер адамдарға сатқан

Фото: ашық дереккөз

Оқиға 2024 жылы Қызылорда облысында болған. 14 жастағы қыз Талдықорғанда өткен көгалдағы хоккей жарысына қатысу үшін барған.

Жарыс кезінде құрбылары қаланы аралап кеткенде, жасөспірім пәтерде жалғыз қалған. Сол уақытта оның 38 жастағы жаттықтырушысы қызға шай берген. Жасөспірім кейін есінен танып қалғанын, ал таңертең оянғанда іш киімінен қан көріп, жанында жаттықтырушысы жатқанын айтқан.

Тергеу мәліметінше, күдікті кейін қызды интим видеосын ата-анасына көрсетемін деп қорқытып, болған жағдайды ешкімге айтпауға мәжбүрлеген. Кейін жасөспірімді басқа адамдарға ақшаға бергені анықталды. Зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқан.

Біраз уақыттан кейін қыз болған жағдайды жақындарына айтып берген. Осыдан соң оның туыстары жаттықтырушымен кездескен. Кездесу кезінде болған жағдайға байланысты қыздың ағасы қамауға алынып, анасы үй қамаққа алынған.

Қазір іс бойынша хоккей жаттықтырушысы мен оның танысы қамауда отыр. Тергеу аяқталған, күдіктілер іс материалдарымен танысып жатыр.

Сайт Әкімшілігі