Live

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Фото ашық дереккөз

Бұл Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Турнирдегі соңғы кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Жапониядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен жеңілген еді.

Ал Жапония мен Қытай құрамалары Азия чемпионатының алтын жүлдесін сарапқа салады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: хоккей