2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні
Live

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондармен шабуыл жасады

Йемендегі «Ансар Аллах» қозғалысы (хуситтер) Сауд Арабиясының Эр-Рияд және Янбу қалаларындағы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Фото: Reuters

Хуситтердің әскери өкілінің айтуынша, соққы кезінде баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ дрондар қолданылған. Шабуылдардың бірі Эр-Риядтағы маңызды нысанға, екіншісі Янбу қаласындағы Saudi Aramco нысанына бағытталған.

Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясының өкілі Турки әл-Малики елдің әуе қорғанысы Йеменнен ұшырылған алты зымыранды қағып түсіргенін хабарлады.

Хуситтер бұл шабуылдарды Йеменге жасалған соққыларға жауап деп атады.

Бұған дейін де қозғалыс Эр-Рияд пен Saudi Aramco нысандарына зымыран және дрон шабуылдарын жасағанын мәлімдеген.

Сауд Арабиясы қолдайтын үкімет әскері мен хуситтер арасындағы қақтығыс төрт жылдық үзілістен кейін шілде айының ортасында қайта жанданды.

Сайт Әкімшілігі