Қоғам

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін

Париж прокуроры Лор Беко америкалық миллиардер Илон Маскқа қатысты қамауға алу ордері шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұған дейін Францияда оған байланысты тергеу басталған.

Фото: из открытых источников

Прокурордың айтуынша, тергеу аяқталғаннан Маск шақырту бойынша келмесе, заңға сәйкес оны қамауға алу туралы ордер берілуі мүмкін.

Лор Беконың сөзінше, Маск әлеуметтік желі X платформасының басшысы ретінде өзіне тағылған айыптарға жауап бере отырып, АҚШ Әділет министрлігінің халықаралық істер басқармасының қолдауына сүйенетінін айтқан. Алайда аталған ведомство Парижбен бұл мәселеде ынтымақтастық орнатудан бас тартып отыр.

Франция прокуратурасы 2025 жылдың қаңтарында X платформасының алгоритмдерінің жұмысына қатысты тергеу бастаған. Осы істің аясында биыл ақпанда әлеуметтік желінің Франциядағы кеңсесінде тінту жүргізілді. Сондай-ақ Илон Маск пен компанияның бұрынғы бас директоры Линда Яккарино 20 сәуірде өтетін тергеу әрекеттеріне шақырылған. Маск бұл істі саяси қысым деп бағалады. Мамыр айының басында оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, Франция билігінің әлеуметтік желі иелеріне қатысты тергеу жүргізуі алғаш рет емес. Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың айтуынша, француз билігі оған қатысты да бірнеше іс қозғаған.

Сайт Әкімшілігі