Индер ауданында балықшы суға батып кетті
9 маусым күні Индер ауданының Бөдене ауылы маңындағы Жайық өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 1993 жылы туған азаматтың денесін суға кеткен жерден шамамен 100 метр қашықтықтан тауып, судан алып шықты.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД-ның 17 қызметкері, 4 техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да қатысты.
Еске салайық, 8 маусым күні кешке ер адам Жайық өзенінде балық аулап жүрген кезде суға батып кеткен болатын.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.