Қоғам

Индонезияда студенттер жаппай наразылыққа шықты

Индонезияның бірнеше қаласында студенттер мен қоғамдық белсенділер қатысқан жаппай наразылық акциялары өтті.

Фото: ашық дереккөз

Шеруге шыққандар орман мен жер алқаптарындағы ауқымды өрттерді ұлттық апат деп тануды, тұтану себептерін тергеуді және оған кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Наразылық білдірушілер өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру қажеттігін де көтерді.

Бұған қоса, студенттер бағаның өсуіне, үкіметтің экономикалық саясатына және білім беру жүйесінің жағдайына наразылық білдірді.

Ел астанасы Джакартада өткен акция кезінде демонстранттар сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, сөз бостандығын қамтамасыз етуге шақырды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, наразылықтар аясында Индонезия билігі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін астанаға 9 мыңнан астам полицей жұмылдырған.

Сайт Әкімшілігі