Live

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51-ге жетті

Индонезияның шығысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51 адамға жетті.

Фото: ашық дереккөз

Тағы 113 адам жарақат алған, ал шамамен 5 мың тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған. 

Reuters мәліметінше, зардап шеккендердің 36-сы ауыр жағдайда, 77-сі жеңіл жарақат алған. Құтқару жұмыстарына жолдарды жауып қалған көшкіндер мен қираған инфрақұрылым кедергі келтіріп жатыр. Кейбір адамдардың үйінді астында қалуы мүмкін деген болжам бар. 

Магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі 15 тамызда Индонезияның Шығыс Нуса-Тенгара провинциясындағы Флорес аралы маңында тіркелді. Жерасты дүмпулерінен кейін жүздеген қайталама жер сілкінісі болған. 

Қазір құтқару қызметтері ең көп зардап шеккен аудандарда іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Билік құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті.

Сайт Әкімшілігі