Live

Иран АҚШ пен Израильді ел басшылығының қазасына байланысты жауапқа тартпақ

Иран билігі АҚШ пен Израильді елдің жоғары басшылығы өкілдерінің қазасы үшін халықаралық жауапкершілікке тартуды көздеп отыр. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Измаиыл Бақи мәлімдеді.

Фото: The New York Times

Оның айтуынша, бұл мәселе тек Иран үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін маңызды.

— Біз мұны істеуіміз керек. Бұл тек Иранның талабы емес, халықаралық қауымдастық та жауапкершілікке тартуды талап етуі тиіс. АҚШ пен Израильдің әрекеті халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қылмыс саналады. Бұл — соғыс қылмысы әрі адамзатқа қарсы қылмыс, — деді ол.

Бақи Женева конвенцияларына сәйкес барлық мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға және оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.

— АҚШ пен Израиль жасаған әрекеттер осы қағидаларды бұзды. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық елдер оларды жауапқа тартуды талап етуі керек, — деді ол.

Иран тарапы бұл бағытта халықаралық құқық тетіктерін толық пайдаланатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 28 ақпан күні АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға әуе соққыларын бастаған. Сол күні Иранның жоғарғы жетекшісі Али Хаменеи қаза тапқаны хабарланған.

Қақтығыс барысында Иранның бірқатар жоғары лауазымды әскери және саяси тұлғалары да көз жұмған. Олардың қатарында:

– Абдулрахим Мусави;

– Мухаммад Покпур;

– Азиз Насирзода;

– Али Шамхани;

– Али Лариджани бар.

Иран билігі бұл оқиғаларды «елге қарсы жасалған ауыр қылмыс» деп бағалап отыр.

Сайт Әкімшілігі