Live

Иран АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап ретінде мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы экономикалық қысымды күшейтетін жаңа шараларды жариялауға дайындалып жатыр. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент алдағы шектеулерді қарсылас мемлекетке бағытталған тарихтағы ең ауқымды қаржылық қысым деп атады.

Фото: ашық дереккөз

Бұған жауап ретінде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы мұндай жағдайға дайын екенін мәлімдеді. Тегеран АҚШ-тың тактика өзгертуін күштік текетірестегі жеңілістің белгісі деп бағалап, басқа мемлекеттермен сауда байланысын сақтаудың түрлі сценарийлері әзірленгенін айтты.

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Резаи АҚШ қысымы жалғаса берсе, Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы арқылы мұнай экспортын толық тоқтатуға дайын екенін ескертті. Сондай-ақ АҚШ-тың санкциялық қысымына қосылған кез келген елдің әрекеті соғыс актісі ретінде бағалануы мүмкін екенін жеткізді.

Осы арада Иран Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан құрған Меккелік қорғаныс пактіне қосылу мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Бұл келісім бойынша бір елге жасалған шабуыл бүкіл одаққа жасалған агрессия ретінде қарастырылады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай