Иран қазақтары Каспийде қаза тапқан сарбаздардың рухына құран бағыштады
Ирандағы қазақтар Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың рухына Құран бағыштады.
Олар қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, қаза болғандардың рухына дұға жасаған.
Еске салайық, 24 қыркүйекте "Хазар қорғаны-2026" оқу-жаттығуы кезінде Маңғыстау жағалауында 17 әскери қызметші теңізге ағып кеткен. Оның 14-і қаза тауып, үшеуі аман қалды.
Бұған дейін Иранның Ақтаудағы Бас консулдығы да қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтқан болатын.