Live

Ирандағы шиеленіс Ресейдің мұнайдан түсетін кірісін арттыруы мүмкін – Reuters

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы Ресей экономикасына, әсіресе мұнай секторына оң әсер етуі ықтимал.

Фото: REUTERS/Dado Ruvic/Illustration

Reuters дерегінше, сәуір айында Ресейдің пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан түсетін табысы екі есеге өсіп, 700 млрд рубльге (шамамен 9 млрд доллар) жетуі мүмкін. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 10%-ға жоғары.

Наурыз айында «Urals oil» маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 77 доллар деңгейіне дейін көтерілген. Бұл ақпанмен салыстырғанда 73%-ға артық және Ресей бюджетінде жоспарланған 59 долларлық көрсеткіштен едәуір жоғары.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуі геосаяси тәуекелдер мен жеткізу тізбегіндегі қысымға байланысты болуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ресей мұнайы