Live

Израиль әуе шабуылынан Газа секторында 5 журналист қаза тапты

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында орналасқан Насер ауруханасы маңына Израиль әскері әуе соққысын жасап, кемінде 20 адам мерт болды.

Фото: ашық дереккөз

 Құрбандардың арасында медицина қызметкерлері мен журналистер бар.

Куәгерлердің айтуынша, ЦАХАЛ аурухана маңына екі рет соққы жасаған: алғашқы жарылыс таңғы сағат 10 шамасында тіркелсе, араға 10 минут салып, дәл сол жерде тағы бір шабуыл болған.

Қаза тапқан журналистердің арасында халықаралық ақпарат агенттіктерінің өкілдері бар. Олар:

Хусам әл-Масри — Reuters агенттігінің операторы;
Марьям Дагга — Associated Press-тің штаттан тыс тілшісі;
Мұхаммед Салама — Al Jazeera мен Middle East Eye журналисі;
Ахмад Абу Азиз — Middle East Eye тілшісі;
Муатх Абу Таха — фотограф.

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Газа секторы