Live

Кабинетінде мас күйінде ұсталған Жамбыл облысы полиция бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Жамбыл облысы полиция бастығының орынбасары кабинетінен мас күйінде табылған.

Фото: из открытых источников

Өңірлік полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Полициямен қызметтік тәртіпті бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде іс-шаралар жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жұмыс орнында мас күйінде болған қызметкер анықталды. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Полиция заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын ұстанады. Лауазымы мен атағына қарамастан, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолданылады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: полиция