Қоғам

«Қала хикаялары» байқауы жарияланды. Қаламгерлер не туралы жазуы керек?

Мәдениет және ақпарат министрлігі бас бәйгесі 100 мың доллар болатын «Қала хикаялары» бәйгесін жариялады. Бұл қаламгерлер үшін үлкен мүмкіндік, дейді Нұртөре Жүсіп.

Фото: Pixabay

Мемлекет басшысының қолдауымен балалар әдебиетін дамытуға да бұрын-соңды болмаған қаржы бөлініп отырғандықтан, жазушыларға тек ауыл тақырыбымен шектелмей, заманауи қала қазағының тыныс-тіршілігіне батыл бет бұру қажет. Бұл ретте кітап өткізу немесе сюжет таппай қиналуға еш негіз жоқ, өйткені бүгінгі қала өмірі мен оның тұрғындарының тағдыры – дайын тұрған шынайы тақырып.

Нұртөре Жүсіп заманауи шығармалардың басты кейіпкері ретінде Президент белгілеген цифрлы мемлекетті құрып жатқан жаңа буын IT мамандары мен жасанды интеллект өкілдерін көреді. Қаламгерлер арамызда жүрген осы жастардың ішкі әлеміне үңіліп, олардың заманауи болмысын әдебиетке арқау етуі тиіс.

Сонымен қатар, қалалық ортаны жандандырып, ұлттық мерекелерді көпқабатты үйлердің ауласында бірге атап өту арқылы қазақы салт-дәстүрді бүгінгі қала мәдениетімен ұштастыру қажеттілігі де шығармаларда көрініс табуы шарт.

Сайт Әкімшілігі