Live

Камчатка маңында тағы да жер сілкінді

Тынық мұхитында Камчатка жағалауында 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі.

Фото: Александр Пирагис/РИА Новости

Тынық мұхитында Камчатка жағалауында 30 шілдеде күшті дүмпулерден кейін 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Telegram-да  31 шілдеде Ресей ғылым академиясының (РҒА) Бірыңғай геофизикалық қызметінің Камчатка бөлімшесі хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Петропавл-Камчатский қаласынан шығысқа қарай 178 шақырым жерде, 39,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Өткен түнде сейсмологтар 200-ден астам жер сілкінісін тіркеді.

Айта кетейік, Сәрсенбі, 30 маусымда Камчатка маңында 1952 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды. Геофизикалық қызметтің Камчатка бөлімшесі оның магнитудасы 8,7-ге жеткенін хабарлады. АҚШ геологиялық қызметі оны 8,8 деп бағалады. Америкалық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Камчатканың шығыс жағалауынан шамамен 136 шақырым жерде, 19,3 шақырым тереңдікте болған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Камчатка