Әлеумет

Қарағанды облысында заңсыз жолмен байымақ болғандар анықталды

27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері "Qarmet" АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Полиция

Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.

Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңге болды. Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды. Олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.

Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Сайт Әкімшілігі