Live

Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің мәйіті табылды

Полиция Ақтоғай ауданынан 39 жастағы ер адамның денесін тапты.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз атына тіркелген қаруды пайдаланып, суицид жасаған.

Айта кетейік, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесіндегі пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының сүйегі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Күдікті 38 жастағы әйел мен оның кәмелет жасына толмаған қызын өлтірді деген айыпқа ілінген болатын.

Сайт Әкімшілігі