Қоғам

Қарағандыда «CVK» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды

Қарағанды облысында «CVK» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматқа сот үкімі шықты.

Фото: ашық дереккөз

С.Ш. Қайырбаев мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қаржы пирамидасына қатысушыларға виртуалды дүкен сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Мұндай дүкендердің құны 120 доллардан 49 мың долларға дейін болған.

Ұйымдастырушылар салымшыларға күн сайын табыс түсетінін және жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус берілетінін уәде еткен.

Алайда виртуалды дүкендерде көрсетілген тауарлар іс жүзінде болмаған. Салымшылардың табысы жаңа қатысушыларды тарту және олардың ақша салуына тәуелді болған.

Қаражат USDT криптовалютасы арқылы OKX платформасындағы электронды әмияндарға аударылған.

Жедел іс-шаралар барысында 474 мың USDT көлеміндегі цифрлық актив бұғатталды. Оның құны шамамен 212 млн теңгені құраған.

Сот шешімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сайт Әкімшілігі