Қоғам

Қарағандыда көршісі туралы жалған қауесет таратқан әйел жауапқа тартылды

Қарағандыда көршісі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан 66 жастағы әйел жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

gov.kz

Оқиға бойынша полицияға 34 жастағы тұрғын шағымданған. Әйел көршісі өзі туралы түрлі жалған мәлімет таратып жүргенін айтқан.

Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Төлеген Жанкеев арызды тексеріп, тұрғындардан түсініктеме алған. Бірнеше көрші арызданушы туралы әртүрлі қауесет естігендерін айтып, бұл ақпаратты 66 жастағы әйел таратқанын көрсеткен.

Полицияға жеткізілген тұрғын өзіне тағылған айыпты мойындаған. Кейін іс сотта қаралып, әйел басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылған.

Оқиға аяқталған соң арызданушы учаскелік полиция инспекторына алғысын білдірді. Ол Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысына алғыс хат жолдап, Төлеген Жанкеевтің жұмысына оң бағасын берген. Сондай-ақ тәртіп сақшысын көтермелеуді сұраған.

Сайт Әкімшілігі