Қоғам

Қарағандыда құрылыс құралдарын ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері келтірген ұрлық қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: ашық дереккөз

65 жастағы тұрғынға тиесілі көлік дөңгелегін жөндейтін шеберханасынан құрылыс құралдары ұрланған. Кәсіпкердің негізгі табыс көзі саналатын нысанда сақталған құралдарды белгісіз тұлға қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол қылмыс жасалған орынға жақын маңда тұратын 43 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру барысында күдіктінің тұрғылықты жерінен ұрланған құрылыс құралдары табылып, заттай дәлелдемелер ретінде тәркіленді. Жәбірленуші өзіне тиесілі мүлікті танып, оның ұрланған құралдар екенін растады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері оның бұған дейін жасалған басқа да ұрлық қылмыстарына қатысы бар-жоғын анықтау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Сайт Әкімшілігі