Live

Қарағандыда студент қызды көлік қағып, ол оқиға орнында қаза тапты

Қарағандыда 20 жастағы студент қызды көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды.

Фото: ЖИ / Жас Алаш

 Қайғылы жағдай түнгі уақытта ҚарУ жатақханасының маңында, Университетская көшесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған бойжеткен жолдан өтіп бара жатқан кезде оны Lada көлігінің жүргізушісі қағып кеткен. Ауыр жарақат алған студент қыз оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір жол апатының нақты мән-жайын полиция анықтап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары студенттер көп жүретін аумақта қауіпсіздік мәселесін күшейту қажеттігін айтып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция баспасөз қызметі

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: жол апаты