Live

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Токаев өз құттықтауында кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды.

«Барша отандастарымды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі заманда кітап ісі ауқымды өзгерістерді бастан өткеріп жатыр. Соған қарамастан, кітап әлі де рухани-адамгершілік құндылықтарға бастайтын сенімді бағдаршам болып қала береді. Классикалық көркем әдебиет болсын, заманауи өзекті мәселелерді қозғайтын еңбектер болсын, кітап оқу мәдениеті қайта жанданып, әсіресе жастар арасында кең таралып келе жатқанын көріп отырмын.

Кітап оқу мәдениеті – ұлт сапасының маңызды көрсеткіші. Жалпыға ортақ бұл құндылық жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект үстемдік еткен кезеңде де халқымыздың өмір салтының ажырамас бөлігі болып қалуы тиіс», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы екі апта ішінде Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға және оқырман, зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы Жарлыққа қол қояды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев кітап