Live

Қасым-Жомарт Тоқаев жас қаламгерлерге арналған әдеби сыйлықты табыстады

Тоқаев 2025 жылға арналған жас жазушылар мен ақындарға берілетін арнайы президент әдеби сыйлығын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Фото: Ақорда

 Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, әдебиет саласында шығармашылық ізденісімен көзге түскен бірқатар жас қаламгер марапатталды. Президент сыйлығы келесі номинациялар бойынша табысталды:

Проза номинациясы бойынша – Әлменбет Арман Ерланұлы, «Тергеуші» атты шығармасы үшін;

Поэзия номинациясы бойынша – Исжанов Саян Кенжегалиевич, «Құмдағы хикая» атты өлеңдер жинағы үшін;

Драматургия номинациясы бойынша – Мустафиев Бауыржан Ширмединұлы, «Ақ киіз» драмалық туындысы үшін;

Балалар әдебиеті номинациясы бойынша – Тілегенов Асылан Біржанұлы, «Жазда атамның ауылында…» атты өлеңдер жинағы үшін.

Аталған сыйлық жас әдебиет өкілдерін қолдауға, жаңа шығармалардың дүниеге келуіне және қазақстандық әдебиеттің дамуына серпін беруді көздейді.

Сайт Әкімшілігі