Live

Каспий теңізінде магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінің акваториясында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.

«17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:53-те Каспий теңізінің акваториясында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Сайт Әкімшілігі