Қастеевтің 120-жылдығына арналған мерейтойлық шара 8-10 қазан аралығында өтеді
Әбілхан Қастеевтің 120-жылдығына арналған мерейтойлық шара 2024 жылғы 8-10 қазан аралығында өтеді.
2024 жылдың 10 қазанында Көркемөнер галереясының ауласында Ә.Қастеевтің ескерткішінің ашылуы және І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Тұғыры биік тау тұлға» тақырыбында республикалық мерейтойлық конференция өтеді.
9-10 қазан күндері Панфилов ауданы, Шежін ауылында кәсіпқой суретшілердің «Күз бейнесі» тақырыбында республикалық пленэрі ұйымдастырылады. Пленэрге республика бойынша 17 қылқалам шебері қатысады. Қорытынды шарасы 10 қазан сағат 15.00-де ( Панфилов ауданы, Жаркент қаласында) өтеді, пленэрлік жұмыстардан көрме ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылар: Жетісу облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен, Көркемөнер галереясының ұйымдастыруымен өтеді.
Қатысушылар: зиялы қауым, кәсіпқой суретшілер, суретшінің ұрпақтары, мәдениет саласының қызметкерлері, шығармашылық ұйымдар және БАҚ өкілдері.
Байланыс нөмірі: 8 (72 82) 40-00-70, 24-52-50