Әлеумет

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базарын ERG бас директорының компаниясы сатып алды

Алматыдағы «Байсат» базарын Central Trade Management Ltd. компаниясы сатып алған.

Фото: из открытых источников

Бұл туралы «За нами уже выехали» арнасы хабарлады.

Компания ERG-дің Қазақстандағы активтерін басқаратын «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры Құдрат Шамиевке тиесілі.

«Байсат» 7 тамызда өткен аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылған. Бұған дейін бірнеше рет сауда өтпей қалған. Соңғы аукционға бір ғана қатысушы келіп, нысанды бастапқы бағамен сатып алған.

Ол кезде сатып алушының кім екені ресми түрде жарияланбаған.

Мемлекетке қайтарылғанға дейін «Байсат» Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанмен байланысты болған.

Сайт Әкімшілігі